Uralskweek
ТШО-ның қазақстандық жеткізушілерден сатып алу көлемі 53,3 млрд АҚШ долларынан асты
16 окт. 2026 г., 17:01

«Теңізшевройл» ЖШС (ТШО) Мұнай-газ машина жасау саласын дамыту жөніндегі халықаралық орталық (IMBC) пен Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі бірлесіп ұйымдастырған Мұнай-газ машина жасау форумы мен операторлардың Ашық есік күніне қатысты. Іс-шара Қазақстанның мұнай-газ машина жасау саласын одан әрі дамыту, елдің өндірістік әлеуетін нығайту және қазақстандық кәсіпорындардың ірі мұнай-газ жобаларына қатысу мүмкіндіктерін кеңейту мәселелерін талқылау үшін мемлекеттік органдардың, мұнай-газ операторларының, отандық өндірушілердің, сервистік компаниялардың және салалық ұйымдардың өкілдерін бір алаңға жинады. Форум аясында пленарлық сессиялар, операторлар мен қолданыстағы және әлеуетті жеткізушілер арасындағы кездесулер, сондай-ақ Ашық есік күні ұйымдастырылып, қатысушылар елдегі ең ірі мұнай-газ жобаларының алдағы сатып алу жоспарлары мен жеткізушілерге қойылатын талаптар туралы ақпарат алды.
Полная версия статьи
Для прочтения полного материала вы будете перенаправлены на сайт первоисточника.